Облыстық семинардың бірінші күні

2024 жылдың 18 сәуірінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын өңірімізде жүзеге асыру мақсатында «Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар» атты екі күндік оқытушылардың біліктілігін арттыру облыстық семинары өтуде.
Мақсаты: қазақ тілін оқыту мазмұнындағы тілдік дағдылар мен инновациялық стратегиялардың тиімділігін анықтау.
Семинарға қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары және орталықтың мамандары қатысуда.
Семинардың бірінші күнінде «Өрлеу» БАҰО Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, тренер Жусупова Ғалия Сапарбекқызы дәріс өткізді.
Дәріс барысында Жалпыеуропалық стандарт негізінде деңгейлеп оқытудың маңыздылығын теориялық негізде түсіндіру арқылы практикалық дағдыларды қалыптастырды. Мұғалімнің іс әрекеті мен сабақты зерттеуде Action research, Lesson study әдістердің тиімділігі мен ерекшеліктері бүгінгі білім беру саласындағы талаптардың бірі ретінде түсіндіріліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.